Добро пожаловать в Базу знаний re:Kassa 👋

Пайдалануға дайындық

Автор Куаныш
Обновлено 6 месяцев назад

Пайдалану алдында ОФД серверінде кассаны іске қосу қажет. "ReKassa 3.0" БКМ ОФД порталында тіркелген кезде касса және бизнес иесі туралы барлық қажетті деректер Мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесіне автоматты түрде беріледі, мемлекеттік органға физикалық түрде барудың қажеті жоқ.

Жүйеге кіру

Браузермен кіру үшін  осы URL мекенжайын көрсету керек https://app.rekassa.kz.

Әрі қарай, телефон нөмірін енгізіңіз:

Телефон нөмірі SMS  пароль  растау кодын жіберу үшін қолданылады
ККМ ReKassa нін пайдалану шарттарымен міндетті түрде танысу қажет

Егер Пайдаланушы құжатпен  келіспесе,  онда ол БКМ мен пайдаланбауы тиіс.

Алынған растау кодын енгізіп, авторлану батырмасын басып, "reKassa 3.0"БКМ басты бетіне кіру қажет.

Егер телефон нөмірі дұрыс енгізілмеген болса, келесі кезеңде қажетті растау кодын алу мүмкін болмайды.

Қате енгізілген растау коды тіркелуге және жүйеге кіруге мүмкіндік бермейді.
Жұмысты бастау үшін жеке тіркеу рәсімі қажет емес, жүйеге бірінші рет кірген кезде пайдаланушы мен демонстрациялық кассаны автоматты түрде тіркеу жүргізіледі.

Физикалық емес режим-демонстрациялық режим
БКМ тіркеуге және есепке қоюға дейін фискалды емес режимде жұмыс істейді. Бұл режим БКМ функционалдық мүмкіндіктерімен танысуға және тестілеуге арналған.

Фискалдық емес режимде(Демо режим) барлық операциялар қол жетімді, бірақ БКМ зауыттық нөмірі жоқ, ал чектерде фискалдық белгі жоқ, барлық чек операциялары жарамсыз.

Оцените эту статью