Beeline ФДО қызметтерін қалай төлеуге болады?

Автор Орынғали
Обновлено 1 год назад

Төлем пайдаланушының дербес шоты бойынша жүргізіледі, оны ФДО жеке кабинетінде және кассаның «Баптаулар» бөлімінде көруге болады.

Дербес шот кассаның «Баптаулар» бөлімінде кассаның offline режиміне бірінші ауысқаннан кейін көрсетіледі.
Kaspi.kz арқылы төлегенде дербес шотты енгізген кезде +7 енгізу қажет емес.

ФДО жеке кабинетіндегі дербес шот

Кассаның «Баптаулар» бөліміндегі дербес шот

Kaspi.kz

Төлемді Kaspi.kz қосымшасында комиссиясыз төлеуге болады (төлеу үшін басыңыз)

  1.  Платежи бөліміне кіріңіз.
  2.  Іздеуге ОФД Beeline енгізіңіз.
  3. Дербес шотыңызды енгізіңіз.

Терминалдар мен Kassa24 сайты арқылы төлемді толықтыру:

  1. Терминалда «Оплата услуг» таңдаңыз.
  2. «Категорий услуг» бөлімінде «Прочие Платежи» таңдаңыз.
  3. «OFD Beeline» таңдаңыз.
  4. Дербес шот нөмірін енгізіңіз.
  5. Терминал комиссиясын ескере отырып, соманы салыңыз. Сізде 1400 теңгеден асатын сома болуы мүмкін. Мысалы, 1480тг. Айына 1400 тенге алынады, ал 80 тенге шотта қалып, келесі айға көшеді.

Сондай-ақ, Kassa24 сайтында (https://www.kassa24.kz/other/beeline-ofd) Kassa24 картасы немесе баланс арқылы төлем жасауға болады.

QIWI терминалдары арқылы төлем толықтыру:

  1. Терминалда «Оплата услуг» таңдаңыз.
  2. «Категорий услуг» бөлімінде «Прочие Платежи» таңдаңыз.
  3. «OFD Beeline» таңдаңыз.
  4. Дербес шот нөмірін енгізіңіз.
  5. Терминал комиссиясын ескере отырып, соманы салыңыз. Сізде 1400 теңгеден асатын сома болуы мүмкін. Мысалы, 1480тг. Айына 1400 тенге алынады, ал 80 тенге шотта қалады және келесі айға көшеді.

Банктік аударымдар арқылы төлем толықтыру:

РКО банктер және банк клиент жүйелері арқылы төлеу үшін деректемелер:

Бенефициар ТОО "КаР-Тел"
БАНК АО ForteBank
БИН 980540000397
IBAN KZ719650000072233368
БИК IRTYKZKA
КБЕ 852 - платежи за услуги связи
Валюта KZT

Назар аударыңыз! Төлем тапсырмасында ofd.beeline.kz порталында тіркелу кезінде көрсетілген ЖСН/ БСН енгізу қажет.

Оцените эту статью