ФДО-да кассаның үлгісі дұрыс таңдалмаса не істеу керек?

ФДО-да кассаның үлгісі дұрыс таңдалмаса не істеу керек?
Автор Куаныш
Обновлено 1 неделю назад

Егер ФДО-ға кассаны тіркеген кезде БКМ үлгісін дұрыс таңдамаған болсаңыз, кассаңызды reKassa-дан белсендіре алмайсыз.

Жағдайды түзету үшін, мына қадамдарды орындаңыз:
1. Кассаның үлгісін ФДО-дағы жеке кабинеттен тексеріңіз.
- Кассаңызды МЗН бойынша тауып алыңыз.
- БКМ-ның қай үлгісі көрсетілгенін тексеріңіз.
2. Егер үлгісі қате көрсетілсе - кассаны есептен шығарыңыз.
- ФДО жеке кабинетінен кассаны есептен шығаруға өтінім беріңіз.
- «Есептен шығарылды» деген (немесе соған ұқсас ФДО-да қолданылатын) өзгерісті күтіңіз.
3. Үлгісін дұрыс көрсетіп, қайта өтінім беріңіз.
- ФДО жеке кабинетінен кассаны тіркеуге жаңа өтінім беріңіз.
- Міндетті түрде БКМ-ның мына түрін таңдаңыз:
«reKassa Бақылау-кассалық машинасының 3.0 нұсқасы».
- Қаласаңыз кассаның сол МЗН пайдалануға болады.
4. Кассаны reKassa-дан белсендіріңіз
- Дұрыс түрімен тіркеу сәтті өткен соң, reKassa қосымшасын ашыңыз.
- Белсендіру үшін МЗН мен басқа да деректерді жазыңыз.
- Белсендіру сәтті өтуі керек.

Маңызды ақпарат:
- ФДО-дан кассаның үлгісін дұрыс таңдамасаңыз, оны reKassa-да белсендіре алмайсыз. 
- Қате болмауы үшін, үнемі ФДО-да БКМ үлгісін тексеріңіз «reKassa Бақылау-кассалық машинасының 3.0 нұсқасы» болу керек.

Оцените эту статью