БКМ фискалды чегінде келесі ақпарат бар:
- салық төлеушінің атауы;
- салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
- бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірі;
- Мемлекеттік кірістер органындағы бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірі;
- чектің реттік нөмірі;
- тауарларды сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні мен уақыты;
- тауардың, жұмыстың, көрсетілген қызметтің бағасы;
- фискалдық белгі;
- бақылау чегінің төлнұсқалығын тексеру үшін операторының атауы және фискалдық деректер операторын интернет-ресурсының деректемелері;
- тауардың, жұмыстың, қызметтің атауы;
- сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің саны, олардың өлшем бірлігі;
- тауарды, жұмысты, қызметті сатудың жалпы сомасы;
- НДС- егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда;
- бақылау-касса машинасын пайдалану орнының мекенжайы;
- бақылау-касса машинасының чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих код.
БКМ чектің түпнұсқалығын тексеру үшін чекте QR-код бар. QR-кодта URL бар, оған мыналар кіреді:
- фискалдық деректер операторының сайтынан алынған немесе дербес режимде қалыптастырылған БКМ фискалдық белгісі;
- БКМ тіркеу нөмірі;
- БКМ чегін қалыптастыру күні мен уақыты;
- БКМ чегінің жиынтық сомасы.