Егер сізде әлі Ұлттық тауарлар каталогы (ары қарай ҰКТ) қосылмаған болса, оны қосу үшін мына нұсқаулықпен таныссаңыз болады: https://help.rekassa.kz/ru/kz/u-tk
Егер сізде ҰКТ қосылған болса және Прайста позицияларыңыз болса, онда ҰКТ-мен дұрыс жұмыс істеу үшін мыналарға назар аудару керек:
1. Тауарды сканерлегенде/штрих-кодын қолмен жазғанда
Жүйе өздігінен:
• тауардың атын - ҰКТ-дан
• GTIN, NTIN/XTIN - ҰКТ-дан
• өлшем бірлігі мен бағасын - Прайсыңыздан шығарып береді.
Яғни ҰКТ тауарды сәйкестендіруге , ал Прайс - сіздің коммерциялық деректеріңізге жауап береді.
2. Егер тауар Прайсыңызда бар, бірақ ҰКТ-да жоқ болса
• Позицияны ҰКТ сайтына (nct.kz) тіркеу керек
Маңызды ақпарат
ҰКТ қоспас бұрын Прайстағы штрих-кодтарыңыз тауарлардың нақты кодтарымен сәйкес келетініне көз жеткізіңіз, әйтпесе сканерлегенде деректеріңіз дұрыс шықпай қалады.