Төлеу түрлері карта, қолма-қол , мобильді . Қалай орнату керек. Чекте қалай көрсету керек (Жаңа интерфейс)

Автор Нургуль
Обновлено 6 месяцев назад

Төлем түрлері

Қолма-қол ақша – тауарды сатып алу, жұмысты орындау, қызмет көрсету кезінде қолма-қол төлем түрін таңдайсыз

Карта бойынша  төлем -   тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде карта төлем түрін таңдайсыз

Сондай-ақ несие арқылы төлеу кезінде несиенің қалай берілгеніне байланысты чек соғылады. Егер Kaspi-ден болса, онда сіз «Картаны» таңдауыңыз керек, ал басқа банк болса, несиені беретін банктен ақпарат алуыныз керек. Стандартты несие схемасы бойынша чек берілмейді.

Мобильді (QR) - (төлемнің жаңа түрі) - бұл Kaspi QR, қашықтан төлем, HALYK QR және т.б. Төлем жеке тұлға заңды тұлғаға карточкасыз болған кезінде ұялы төлемін тандайсыз.

Қалай орнату керек

1. Баптаулар» - Чек баптаулары тармағын таңдаңыз.

2. «Әдепкі тқлеу түрі» жолын басыңыз.

3. Қажетті төлем түрлерінің жанындағы құсбелгіні қойып, «Сақтау» батырмасын басыңыз.

ДАЙЫН!

Чекте қалай көрсету керек

1. Касса батырмасын басыңыз

2. +ҚОСУ батырмасын басыныз

3. Өнім мәліметтерін толтырыңыз

4. Төлем түрін таңдап, «КЕЛЕСІ» батырмасын басыңыз. Сондай-ақ бөлек төлем түрін таңдауға болады. Мысалы, 50 тг қолма-қол ақша , 50 тг карта

5. «Сату» батырмасын басыңыз.

ДАЙЫН!

Сіз чекті басып шығара аласыз, оны Whatsapp-қа жібере аласыз, поштаға немесе жүктеп алып, кез келген ыңғайлы мессенджерге жібере аласыз.

Оцените эту статью