Кассаны Mой склад жүйесіне қалай қосуға болады (Жаңа интерфейс)

Мой склад дегеніміз не? Қалай қосылуға болады?
Автор Нургуль
Обновлено 5 месяцев назад

Мой склад дегеніміз не?

Бұлттағы сауда, қойма, CRM. Қазақстандағы шағын бизнеске қажет нәрсенің бәрі бір жүйеде: сату, сатып алу, бухгалтерлік есеп, қаржы, тұтынушылар мен жеткізушілер.

Қалай қосылуға болады?

Егер сізде Mой склад сервистік тіркелгі жоқ болса, онда сіз Қазақстан үшін арнайы бейімделген есептік жазбаны тіркеп, сілтеме бойынша 14 күн тегін пайдалана аласыз.

https://www.moysklad.kz/register/?p=2019-1210

Mой склад жүйесінде reKassa қолданбасын орнату керек, қолданбаға сілтеме (https://online.moysklad.ru/app/#apps?id=ae75a400-6677-4b47-a9d7-a92a216ee489)

Орнатқаннан кейін қолданбаны конфигурациялау қажет, «Требуется настройка» жазуы пайда болады.

Ашылған терезеде Кассовый аппарат тармағындағы Настройки тарауына өтіңіз

Касса баптаулар ашылады, жоғарғы оң жақта қосу батырмасы пайда болады, осы батырманы басқаннан кейін зауыт номері және құпия сөзді енгізу өрістері пайда болады.

Зауыт нөмір мен құпия сөзді алуға болады

Зауыт нөмір мен парольді қалай алуға болады

1. Төлеу мәзірінде «Баптаулар» - Басқа қосымшалар  батырмасын басыңыз.

2. «Қолданбаны жалғап қосасу» батырмасын басыңыз

3. Ашылмалы тізімнен Мой склад таңдаңыз, «КІЛТСӨЗДІ АЛУ» батырмасын басып, PIN кодын енгізіңіз

4. МАҢЫЗДЫ!  Құпия сөзді сақтауды ұмытпаңыз (оны бір жерге көшіріңіз, мысалы, блокнотқа), ол бір рет көрсетіледі

Одан кейін "МЕН САҚТАП ҚОЙДЫМ. ЖАБУ" батырмасын басыңыз.

Зауыт мен құпия сөзді енгізгеннен кейін «Сақтау» батырмасын  басу керек. Егер бәрі дұрыс болса, келесі параметрлер элементі өтеді - Құжаттар.

Бұл параметрде фискализациядан кейін жасалатын төлем құжатының түрін таңдау керек.

Сотрудники, Мұнда қай қызметкерге фискализациялауға рұқсат беруді тағдауға болады

Оцените эту статью