Медициналық ұйымдарға арналған жаңа талап — түбіртекте ЖСН-ді міндетті түрде көрсету керек: re:Kassa-да қалай баптап, қосуға болады

Медициналық қызметті алушының ЖСН-ін түбіртекке не үшін жазу керек?
Автор Бахтияр
Обновлено 1 неделю назад

Медициналық қызметті алушының ЖСН-ін түбіртекке не үшін жазу керек?

2026 жылғы 19 қыркүйектен бастап медициналық қызметті көрсеткенде БКМ түбіртегіне қызмет алушының сәйкестендіру нөмірін көрсету керек .

Жаңа талап Бақылау-кассалық машиналарын қолдану ережелері мен БКМ түбіртектерінің мазмұнына қойылатын талаптардың 56-бөлімінде бекітілген. Соған сәйкес медициналық қызметті көрсеткенде  фиксациялау және (немесе) деректерді жіберу функциясы бар БКМ түбіртегінде медициналық қызметті алушының сәйкестендіру нөмірі жазылуы керек.  

Өзгерістер Қазақстан Республикасының Қаржы министірінің м.а. шығарған 2026 жылғы 1 қыркүйектегі №595 бұйрығымен енгізілген және 2026 жылғы 19 қыркүйектен бастап күшіне енеді. 

Кімдерге қатысты?
Медициналық қызмет көрсететін әрі фиксациялау және (немесе) деректерді жіберу функциясы бар БКМ-ді қолданатын кәсіпкерлер мен мекемелерге қатысы бар. 

Не істеу керек?
Медициналық қызмет көрсетілгені туралы түбіртекті рәсімдегенде оны алушының сәйкестендіру нөмірін көрсетіңіз. re:Kassa-да оны түбіртек шығаратын кезде бірден жазуға болады — төменде қалай екенін айтамыз 

 re:Kassa-да қалай баптауға болады?

1-қадам: “Баптауларға”, одан кейін “Түбіртекті баптауға” кіріңіз

2-қадам: «Сатып алушының ЖСН-і» деген жердегі тумблерді жылжытыңыз

Болды! Енді сіз ЖСН-ді түбіртекке қоса аласыз. 

Сатып алушының ЖСН-ін түбіртекке қалай қосады?

1-қадам: «Касса» бөліміне, сосын «Позициялар» бөліміне кіріңіз

2-қадам: «ЖСН» деген жерді басыңыз


3-қадам: Клиенттің ЖСН-ін жазып, «Сақтау» дегенді басыңыз

 4-қадам: «+ Қосу» дегенді басыңыз

5-қадам: Көрсетілген қызмет туралы деректерді толтырып, «Қосу» дегенді басыңыз

6-қадам: Төлем түрін таңдап, «Сақтау» дегенді басыңыз

7-қадам: «Сату» дегенді басасыз

Болды! Түбіртекті шығарып, WhatsApp, поштаға немесе жүктеп алып кез келген ыңғайлы мессенджерге жібере аласыз.

Оцените эту статью