Пайдалану алдында ОФД серверінде кассаны іске қосу қажет. "ReKassa 3.0" БКМ ОФД порталында тіркелген кезде касса және бизнес иесі туралы барлық қажетті деректер Мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесіне автоматты түрде беріледі, мемлекеттік органға физикалық түрде барудың қажеті жоқ.
Жүйеге кіру
Браузермен кіру үшін осы URL мекенжайын көрсету керек https://app.rekassa.kz.
Әрі қарай, телефон нөмірін енгізіңіз:
Алынған растау кодын енгізіп, авторлану батырмасын басып, "reKassa 3.0"БКМ басты бетіне кіру қажет.
Егер телефон нөмірі дұрыс енгізілмеген болса, келесі кезеңде қажетті растау кодын алу мүмкін болмайды.
Физикалық емес режим-демонстрациялық режим
БКМ тіркеуге және есепке қоюға дейін фискалды емес режимде жұмыс істейді. Бұл режим БКМ функционалдық мүмкіндіктерімен танысуға және тестілеуге арналған.
Фискалдық емес режимде(Демо режим) барлық операциялар қол жетімді, бірақ БКМ зауыттық нөмірі жоқ, ал чектерде фискалдық белгі жоқ, барлық чек операциялары жарамсыз.