Таңбалау мен ҰТК-да жұмыс істеуге қатысты нұсқаулық

Таңбалау мен ҰТК-да жұмыс істеуге қатысты нұсқаулық
Автор Бахтияр
Обновлено 1 неделю назад

Таңбалауды қосу

Таңбалауды қосу үшін «Түбіртекті баптау» бөліміне кіріп, «Таңбалау» параметрін қосу керек. Таңбалау түрі өздігінен анықталады.

ҰТК-ны қосу

Ұлттық тауарлар каталогын (ары қарай - ҰТК) қосу үшін «Түбіртекті баптау» бөліміне кіріп, «Ұлттық тауарлар каталогы» (ҰКТ) параметрін қосу керек.

Таңбалаумен жұмыс істеу

«Штрих-код/Таңбалау» деген жердегі «Позициялар» бөліміне тауардың штрих-кодын да, таңбалануын да жазуға немесе сканерлеуге болады.

Егер тауардың таңбалануын сканерлесеңіз, атауы мен GTIN/NTIN коды бойынша деректер ҰТК-дан шығады.

Маңызды ақпарат

Егер ҰТК-ны қолданғанда таңбалауын сканерлегенде «Мұндай штрих-коды бар позиция ҰТК анықтамасында табылмады» деген қате шықса, онда:

  1. Тауардың штрих-кодын «Штрих-код/Таңбалау» деген жерге жазу керек.

  2. «Таңбалау» деген жерге тауардың таңбалану кодын сканерлеу немесе қолмен жазу керек.

Маңызды ақпарат

Егер сіздің позицияңыз прайсқа қосылған болса, тауардың бағасы прайстан шығады.

Ескерту

Егер ҰТК қосылмаған болса, бірақ таңбалауды пайдалансаңыз, онда:

  • «Қосу» деген батырманы басу арқылы «Сатылымдар» бөліміне тауарды қолмен қосу керек;

  • Атау мен бағасын көрсету керек;

  • Таңбалау кодын сканерлеп немесе қолмен жазу керек.

Оцените эту статью