«Түбіртек баптаулары» бөліміне кіріп, «Ұлттық тауарлар каталогы (ҰТК)» өрісін тауып, оны қосуға немесе өшіруге болады.

ҰТК бойынша тауарды қалай сату керек:
- «Касса – Позициялар» бөліміне кіріп, «Штрих-код» өрісінде тауар кодын сканерлеу немесе қолмен GTIN/NTIN/XTIN енгізу керек.

- Егер GTIN/NTIN бойынша тауар табылмаса, онда мұндай тауар ҰТК тізімінде жоқ және «nct.kz» сайтына өтуге арналған батырмасы бар ескерту терезесі пайда болады. Сол жерде тауарды тіркеуге болады.
Түбіртекте мыналар көрінуі мүмкін:
GTIN және NTIN (020-мен басталады) — егер тауар ҰТК-да бар болса;
GTIN және XTIN (004-пен басталады) — егер GTIN бойынша тауар ҰТК-да табылмаса;
NTIN — егер тауар ҰТК-да бар болса;
XTIN — егер тауар ҰТК-да жоқ болса.

Ескерту:
GTIN — ғаламдық код
NTIN (020-мен басталады) — қазақстандық код
XTIN (004-пен басталады) — уақытша қазақстандық код, NTIN жоқ тауарларға беріледі. Бірақ түбіртекте XTIN коды NTIN ретінде көрсетіледі.
ҰТК-дан бірден шығарылатын XTIN алу
XTIN ҰКТ-да өздігінен шығарылады, ол үшін мына шарттарды орындау керек:
тауардың GTIN-і болуы керек,
NTIN болмауы керек,
тауар ҰКТ тарапынан форматтық-логикалық бақылаудан (ФЛБ) өтуі керек.
Тауардың GTIN-ін жазғанда (сканерлегенде), тұтынушы кассадан:
Касса интерфейсінде тауар ҰКТ-да тіркелмегені және оған уақытша XTIN берілгенін көреді;
Хабарлама терезесінде тауарды тіркеу үшін «nct.kz сайтына өту» батырмасы болады;
«Жабу» терезесін басқанда түбіртек шығуы мүмкін, түбіртекте XTIN жазылады.
ҰКТ сайты арқылы XTIN шығару
Уақытша XTIN-ді тұтынушы ҰКТ сайты (https://nationalcatalog.kz/ ) арқылы ала алады.
Уақытша XTIN-ді сайт арқылы алуға болады, егер тауардың:
NTIN-і болмаса,
GTIN-і болмаса.
XTIN-ді алған соң, тұтынушы оны кассадағы «Позициялар» бөлімі арқылы қолмен жазып, түбіртек шығара алады.
Тұтынушының одан кейінгі әрекеттері
XTIN-ді (кез келген тәсілмен) алғанда тұтынушы тұрақты NTIN кодын алу үшін тауарды ҰКТ-да тіркеуге өтінім беруі керек.
Уақытша XTIN кодты тұрақты NTIN кодын алғанға дейін пайдалануға болады.