re:Kassa (Comrun) ФДО-сын 1 айға тегін белсендіру нұсқаулығы

Инструкция, бесплатный, месяц, комран
Автор Беклан
Обновлено 3 недели назад

Осы нұсқаулықтың көмегімен re:Kassa (Comrun) ФДО-сын 1 ай тегін пайдаланып, қаншалықты ыңғайлы екенін байқап көре аласыз.

📌 Белсендіру үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:

re:Kassa-ға  кіріңіз

1. «Баптаулар» (оң жақ астында) бөліміне кіріңіз





2. «Менің кассаларым» дегенді басыңыз



3. «+ Жаңа касса» дегенді таңдаңыз



4. Ашылған терезеден «Бастау» дегенді басыңыз


5. Деректеріңізді толтырыңыз:

—Мекеменің ЖСН/БСН-і

«Жалғастыру» дегенді басыңыз



6.  Мекеменің атауын

ЭҚЖЖ көрсетіңіз  

«Жалғастыру» дегенді басыңыз


7. «1 ай» 0 теңгеге деген тарифті таңдаңыз



8. Ашылған терезеден:

— мекеменің заңды мекенжайын тексеріңіз
сауда нүктесінің мекенжайын қосыңыз және картадан белгілеңіз.
Назар аударыңыз: картадағы нүкте қалаңыздан шамамен көрсетіледі, сондықтан сауда нүктесінің нақты орналасқан жерін картадан қолмен белгілеңіз.

9. 4 таңбалы PIN-код қойыңыз


10. Құжаттарға қол қою

Ашылған терезедегі құжаттарға қол қойыңыз:

     қызмет көрсету келісімшарты

     кассаны тіркеуге салық органдарына жіберген өтініш


Қол қоюға болатын тәсілдер:

  1. Мобильді қосымшада EGOV Mobile арқылы
  2. Сайтта NCALayer ЭЦҚ көмегімен немесе экрандағы QR-кодты EGOV Mobile қосымшасы арқылы сканерлеп.

11. Тіркеуді аяқтау

Қол қойғаннан кейін өтінім салық органдарына жіберіледі де, бірнеше минуттың ішінде қарастырылады.


Содан кейін сізге кассаңыз сәтті тіркелгені туралы хабарлама келеді


✅Болды

Енді сіз кассамен жұмыс істеп, түбіртек шығара аласыз.


Оцените эту статью