KKМ-ды есептен қалай алуға болады

есептен қалай алуға болады
Автор Нургуль
Обновлено 3 года назад

Нұсқаулыққа сәйкес бойынша, әуелі фискалдық есепті қалыптастыру қажет және басып шығару , ОФД  есептен шығару кезінде құжат ұсынылады . Қалыптастыру алдында  ауысымды жабу керек . Күнтізбеде кезеңді таңдау мүмкіндігі бар. Әдепкі бойынша ККМ жұмысының бірінші күнінен бастап барлық кезең үшін есеп қалыптасады.

Фискалдық есеп таңдалған кезеңдегі барлық  Z-есептердің деректерін қамтиды.

Фискалдық есеппен бөлісуге, электрондық поштаға жіберуге және басып шығаруға болады.

Бұдан әрі  ККМ сайтында ККМ есептен алу қажет.

Транстелеком ОФД  Мемлекеттік қызмет бөліміне өтіп және ККМ есептен шығаруға өтінімді таңдау қажет. Оны басып ККМ тіркеу нөмірін(РНМ) енгізу қажет. Есептен шығару себебін таңдаңыз.

Қазақтелеком ОФД ның ККМ картотекасы бөліміне өтіп, баптау белгісін таңдау қажет.

3 нүктеге басқаннан кейін, тарифті өшіруді тандайсыз, содан кейін есептен шығаруны басасыз. Есептен шығару себебін таңдаңыз. ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қоясыз.

Қажет болған жағдайда ОФД-ға мынадай құжаттарды ұсыну:

Бақылау-кассалық машинаны есептен шығару туралы салықтық өтініш;

Бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасы;

Соңғы фискалдық есеп.

Барлық осы іс-әрекеттерден кейін REKASSA ККМ жою үшін Жою түймешігін басу керек

Маңызды! "Rekassa" бақылау - кассалық  мобильді қосымшасын фискалдық деректер операторының сайтында ККМ есебінен алып тастамай,  жоюға жол берілмейді. Қасақана жойылғанда,  деректер телефоннан жойылады, бұл жағдайда Пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікте болады.

Пайдаланушы осы нұсқаулық шарттар бойынша мобильді қосымшамен пайдалануға міндеттенеді. Мобильді қосымшаны қасақана алып тастаған жағдайда деректердің сақталуына жауапты болмайды.

Оцените эту статью